ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ГИМНАСТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
Астана қаласында 4 мемлекеттен 230 спортшы қатысқан «Жұлдыз -2015» кубогы үшін көркем гимнастикадан IV халықаралық турнир өтті. Көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан мен хореограф Гүлзира Әбуова жетекшілік жасаған қызылордалық гимнастшылар облыс үмітін ақтап, жүлделі оралды.
2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Толқын Абдиева мен 2003 жылғылар арасында Айжан Қуандықова турнирдің қола жүлдесін иеленді. 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Сыр елінің гимнастшылары топтық көріністе қола жүлдеге ие болды. Топ құрамында Құралай Сапар, Жасмин Қадыр, Гүлден Бердібек, Раушан Аспандиярова, Ақмейір Пазылбекқызы, Шакира Қанатбек өнер көрсетті.
Сондай-ақ, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Аружан Құрмантай (2004 ж.т.), Нұрай Ғабит, Шакира Қанатбек (екеуі де 2005 ж.т.), Гүлден Бердібек (2006 ж.т.) және Даниелла Қанатбек (2007 ж.т.) марапатталды.
Енді гимнастшыларымыз үстіміздегі жылдың 18-21 маусым аралығында Жамбыл облысының ашық чемпионатына қатысады.