АКМАЛХАН ХОЛМАТОВ ҚФФ ТӨРЕШІЛІК ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылордалық төреші Акмалхан Холматов Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
Кеше осыған байланысты ҚФФ-тың Төрешілік және қадағалау департаментінде арнайы мәжіліс өтіп, Акмалхан Бекмұратұлы ресми түрде өзінің қызметіне кірісті.
- Жақында Төрешілер конфенциясы бойынша УЕФА инспекторлары тексерістер жүргізіліп, біздің Департаменттің жұмысына жоғары баға берілді. Төрешілік және және қадағалау департаменті толықтай тәуелсіз болуы тиіс. Ақмалхан Холматов еліміздегі төрешілердің мәселесімен жақсы таныс.Маусым қорытындысы бойынша бірнеше рет үздік рефери деп танылды. Сол себепті бұл қызметке Холматовты тағайындау дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді бұл туралы Төрешілік және қадағалау департаментінің басшысы Маттео Трефолони.
Акмалхан Бекмұратұлы 1968 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. 1999 жылдан бері төреші. 2001 жылдан бастап Қазақстанның жоғарғы дивизионында төреші ретінде қызмет атқарып келеді. Еліміздегі ең беделді, әрі сенімді арбитрлардың бірі. Төрт рет ел кубогының финалында қызмет атқарып, оның екеуінде бас төреші болған. Халықаралық дәрежедегі ойындарда да төрелік еткен. Қазақстан Премьер-лигасында 200-ден астам ойынға қазылық жасаған. 2006, 2011, 2013 және 2014 жылдары еліміздің ең үздік футбол төрешісі атанған. Футболшы ретінде Қызылорданың «Мелиоратор», Халкабадтың «Сохибкор», Шымкенттің «Ордабасы-СКИФ» және Алматының «Қайрат» командаларында ойнаған. Кейін балалар жаттықтырушысы болды. Бүгінде Қызылорда облыстық футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі, Төрешілер комитетінің төрағасы.