БАУЫРЖАН ЖАУЫНТАЕВ ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА АЛҒАШҚЫ АЛТЫНДЫ САЛДЫ
Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды қызылордалық дзюдошы Бауыржан Жауынтаев салды.
Бұған дейін 55 келіде ел намысын қорғаған жүрген қазақстандық балуанның түркиялық дзюдошы Огузан Карачаны жеңіп, жоғары рейтингі бойынша ақтық сынға жолдама алғанын жазған болатынбыз. Финалдық бәсекеде ол әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлимен белдесіп, басым түсті.