БИЫЛ КҮЗДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ
Биыл күзде тұңғыш рет жасөспірімдер арасында «Қазақстан барысы» турнирі өтеді. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне 2014 жылғы Қазақстан барысы - Мұхит Тұрсынов айтты.
«Биыл күзде, шамамен қазан айында тұңғыш рет жасөспірімдер арасында «Қазақстан барысы» турнирі өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас балуандар қатыса алады. Бұл қазіргі жастар үшін өте маңызды шара деп ойлаймын, өйткені қазақ күресі бүгінде қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ, «Қазақстан барысы» турнирі жастардың спорт жолындағы әлеуметтік баспалдағы деп айтуға болады. Мен еліміздегі барлық ата-аналардан балаларының, әсіресе ұлдарының денсаулығы мықты болып өсуін қадағалауын сұраймын. Өйткені олар біздің Отанымыздың ертеңгі қорғаушылары болады», - деп атап өтті ол «Дәулет» ұлттық теннис орталығында «Спорт күні» аясында өткен шарада.
Қазақстан барысының айтуынша, бүгінде турнирді өткізудің нақты мерзімі мен орны талқылану үстінде. Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл жарыс жыл сайын өткізіліп тұратын болады.
«Қазақстан барысы» 2010 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында бұл жоба өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, халық арасында үлкен қолдауға ие болды.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында Спорт күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен еліміздің атақты спортшылары, сондай-ақ, барлық спортсүйер қауым қатысты.
«ҚазАқпарат»