ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМА ТАПСЫРДЫ
Қызылорда облысы ТЖД ұжымы қызметкерлері өздерінің дене шынықтыру деңгейін тексерді. Олар 2015 жылдың 1-2 маусымында Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда дене даярлығы жөнінде Президенттік сынама тапсырды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобынан хабарлады.
«Спорт кез-келген адамның серігіне айналса деген үлкен мақсат бар. Жәй ғана жаттығулардың өзі күнделікті жасалып отырған жағдайда көңіл-күйді көтеріп, ерекше қуат беретіні сөзсіз. Спорттың айналамызды жақсылық пен берекеге толтыратын қасиеті де бар!»,- деді аталмыш спорттық іс-шараның жетекшісі подполковник С.Молдақараев.
Дене дайындығынан 2000 шақырымға қашықтыққа жүгіру, 100 метрге уақытқа жүгіру, секіру, кеудені көтеру жаттығуы, сымтемірге тартылудан Президенттік сынамалар нормативін тапсыру жеке құрамға аса қиынға түскен жоқ. Сынама нәтижесі департамент ұжымында лайықты қызметкерлердің еңбек етіп отырғандығын көрсетті.