КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Үстіміздегі жылдың 28-31 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 300-дей спортшы фулл-контакт бөлімінде жүлделерді сарапқа салды.
2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер ұлдар арасында 27 келі салмақта Диас Иманмұса, 51 келі салмақта Байқоңыр қаласының спортшысы Темірлан Шаңғытбаев, 54 келіде Диас Шамет, 60 келі салмақ дәрежесінде Арсен Асхатұлы және 63 келіде Нұрбек Жақсылықсынды спортшылар жеңімпаз атанып, Қызылорда облысының мәртебесін бір көтеріп тастады.
2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Сыр елінен Диас Қарманов Диас Байғабылов Нұрбол Мақсұтов жақсы өнер көрсетіп, алдыңғы қатардын көрінді. «Үздік техника көрсеткені үшін» номинациясында қызылордалық Диас Иманмұса марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының командасы көш бастады. Екінші орынды жамбыл облысының құрама командасы иеленсе, үшінші орынды Қызылорда облысының командасы еншіледі.