ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚОС АУЫР АТЛЕТ ХРАПАТЫЙ ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Үстіміздегі жылдың 26-28 мамыр аралығында Қарағандыда Әлем және Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Аталмыш жарыстан Сыр елінің ауыр атлеттері 2 алтын медальді олжалады.
Нәтижесінде 62 келі салмақ дәрежесінде Әділбек Балхаев алтын жүлдені иеленді. Ол жұлқа көтеруде 130, серпе көтеруде 146, қоссайыста 276 келіні бағындырды.
105 келіде өнер көрсеткен Рүстем Сыбай жұлқа көтеруде 175, серпе көтеруде 217, қоссайыста 392 келіні бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығатын қос спортшыға сәттілік тілейміз!