ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗЕЙНЕТКЕРІ ҒАЛЫМЖАН АХМЕТОВТІ ЕСКЕ АЛУ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ
Кеше ішкі істер органдарының зейнеткері, отставкадағы полиция полковнигі Ахметов Ғалымжан Ахметұлын еске алу құрметіне «Динамо» спорт кешенінде шағын футбол мен волейболдан турнир өткізілді.
Ахметов Ғалымжан Ахметұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1952 жылдың 16 қарашасында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылдың маусым айында Қызылорда облысы ІІБ социалистік меншікті жымқырумен күрес бөлімінің ұйымдастырушылық-әдістемелік тобының инспекторы лауазымынан бастаған. Өзінің адалдығының, өз ісіне деген жауапкершілігінің арқасында әр жылдары жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары лауазымына дейін көтеріледі. 2005 жылдың қаңтар айында ІІО қатарынан полковник шенінде құрметті еңбек демалысына шықты. Қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны үшін бірнеше мәрте ҚР ІІМ-нің омыраулық белгілерімен, Қызылорда ОІІБ-нің құрмет грамоталарымен марапатталған Ғалымжан Ахметұлы 2014 жылдың 6 маусымында 62 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Осындай арда азаматтың құрметіне арналған турнир биыл алғаш рет жалауын көтерді. Аталмыш турнирге құқық қорғау органдары, күш және басқа да арнайы құрылымдары қызметкерлерінен құралған 15 команда, барлығы 150 қатысушы қатысты.
Спорттық бәсекелердің қорытындысы бойынша шағын футболдан І орынды Облыстық сот құрамасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінің 2019 әскери бөлімі құрамасы мен Ішкі істер департаментінің құрамалары бөлісті.
Ал волейболдан І орынды Облыстық сот құрамасы қанжығасына байласа, Облыстық ішкі істер департаменті құрамасы ІІ орынға, Төтенше жағдайлар департаменті құрамасы ІІІ орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталып, естелік ретінде бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі