ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚОС СПОРТШЫ СПОРТ ШЕБЕРІ НОРМАТИВІН ОРЫНДАДЫ
Шымкент қаласында 1995 - 1997 жылдары туылған жастар арасында грек-рим күресінен қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жүлдесіне арналған республикалық турнир болып өтті. Аталмыш турнирге еліміздің барлық облыстарынан 180-ге жуық спортшы қатысып, жерлестеріміздің қоржындарына екі алтын медаль тиесілі болды.
Грек - рим күресінің жаттықтырушысы Ғабиден Райымбекте тәрбиеленіп келе жатқан Айдос Мұхан 66 келі салмақта алтын медальді қанжығаласа, жаттықтырушы Қанат Көбегеновтің қол астында өнерін шыңдап жүрген Олжас Сырлыбай 96 келіде топ жарып, қос спортшы да грек-рим күресінен спорт шебері нормативін орындады.
Енді екі спортшымыз үстіміздегі жылдың 19-21 маусым аралығында Петропавл қаласында болатын Қазақстан чемпионатына қатысады. Жарыс барысында командаға тәжірибелі бапкер, ересектер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Виктор Юн жетекшілік етті.