ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫ ҚАЗАҚСТАН СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АЛТЫНЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстанның жазғы спартакиадасы аясында Талдықорғанда өткен бокстан ел біріншілігі аяқталды. Ақтық мәреде ең үздік деген 20 спортшы бақ сынасты. Оның ішінде Алматы облысынан - 5, Оңтүстік Қазақстаннан - 4, Маңғыстау облысынан – 3, Атыраудан – 2, ал Астана қаласы мен Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қызылорда облыстарынан бір-бір боксшы қатысты.
Өкінішке орай, алтын медальге үміткерлердің бірі қызылордалық спортшы Рустем Сваев жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты жарыстан өз кандидатурасын алып тастауға мәжбүр болды. Десе де, қазіргі таңда жағымды жеңістерімен танымал болып үлгірген Қамшыбек Қоңқабаев ақтық сында Оңтүстік-Қазақстанның спортшысын жеңіп, ел семпионы атанды. Алтын медаль тағынған жерлесіміз осылайша облысымыздың мәртебесін тағы бір сатыға жоғарылатты!
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА