"АЛМАТЫ ТУРЫ-2014" ВЕЛОБӘЙГЕСІНЕ РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫЛАР ДА ҚАТЫСАДЫ
Ресейдің "Катюша" кәсіби велокомандасы халықаралық біркүндік "Алматы Туры-2014" бәйгесіне қатысатындығын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жарыс ұйымдастырушысы, "Қазақстанның спорттық технологиялары" компаниясының бас директоры Арнур Ибраевқа сілтеме жасап.
"Катюша" командасының басшыларымен бірнеше аптадан бері келіссөздер жүргіздік. Бүгін команданың бас менеджері, танымал велоспортшы, үш дүркін олимпиада чемпионы Вячеслав Екимовтың өзінен жарысқа қатысамыз деген жауап алдық. Бұдан бөлек, команда басшылығы Қазақстанда жоғарғы деңгейдегі жарысты өткізу идеясын қолдайтындығын жеткізді", - дейді Ибраев.
"Катюша» велокомандасы Әлемдік тур санатындағы жарыстарға қатысып жүрген танымал ұжым. Биылғы маусымның өзінде команда шабандоздары халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарда жиырмадан астам жеңіске жетті. Оның ішінде мәртебелі көпкүндік "Тур де Франс" велобәйгесінің кезеңдерін жеңіп, "Милан" – "Сан-Ремода" турнирінде топ жарды.
Клубтың негізгі құрамында велоспорт әлеміне есімдері танымал Хоаким Родригес, Александр Кристофф, Джампаоло Карузо, Лука Паолини сынды шабандоздар өнер көрсетеді. Дегенмен "Алматы Турына" бұл клубтың сапынан кімдер келетін белгісіз болып тұр.
Бұған дейін ресейлік клубтан бөлек "Алматы Туры-2014" бәйгесіне Польша, Италия, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Дания, Австрия, БАӘ елдері қатысатынын растаған еді. Олардың қатарында "Rusvelo", "CCC Polsat Olsat Polkowice", "Team la Pomme Marseille13", "Sky Dive Dubai Pro Cycling Team" сынды клубтар да бар.
Еске салайық, халықаралық деңгейдегі біркүндік "Алматы Туры-2014" бейгесі Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан велоспорт федерациясының және "Қазақстандық спорттық технологиялар" компаниясының қолдауымен ұйымдастырылуда. Веложарыс 2014 жылдың 5 қазанында өтеді. Жарыс жолының жалпы қашықтығы 186 км.