ЖӘЛЕЛ ҚИЗАТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАЕКВОНДОДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
№2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Ұлы Отан соғысының Батыры Жәлел Қизатовты еске алуға арналған таеквондодан 1999-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 11 команда бақ сынады. Жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат топ жарды. Екінші орынды №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі иеленсе, үшінші орынды Шиелі ауданының командасы еншіледі.