ГОЛОВКИН МОНРОНЫ АЛТЫНШЫ РАУНДТА НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ
WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Вилли Монро кішіні нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Осылайша қазақстандық боксшы барлық титулын сақтап қалды.
Қазақстандық боксшы кездесудің екінші раундында өз қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта жекпе-жек тең жағдайда өтті. Бұдан кейінгі раундтарда GGG Монродан айқын басымдығын көрсетіп отырды. Айта кетейік, бұл Геннадий Головкиннің қол жеткізіп отырған отызыншы нокауты. Осылайша, ол әйгілі боксшы Майк Тайсонның нокауттар көрсеткішінен асып түсті. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Монроға қарсы өткізген жекпе-жегі үшін 1,5 миллион доллар қаламақы алады. Бұл сома Головкиннің мансап жолында алған ең үлкені қаламақысы болып отыр. Ал оның қарсыласының қаламақысы - 100 мың доллар.
Головкин - Монро жекпе-жегі 16 мамырда Инглвуд қаласындағы "Форум" аренасында өтті.
Головкин - Монро жекпе-жегі 16 мамырда Инглвуд қаласындағы "Форум" аренасында өтті.