ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Қостанай облысы Рудный қаласында өткен таеквондодан 2004-2005, 2006-2007 ж.ж. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында үш бірдей спортшымыз күміс жүлдеге ілікті. «Жаңақорған» спорт клубынан Ғ.Ғалымжанқызы мен А.Нышанова, «Түгіскен» спорт мектебінен М.Хайбулла намысты қолдан бермей, қарсыластарын қапы қалдырды.
«Спорттық жаттықтырушылары К.Нақышпановтың айтуынша ақтық сында кішкене тәжірибе жетіспеген. Себебі, ауданда бұл спорт түрінің үйірмесі ашылғанына көп уақыт бола қоймаған. Десе де, аз уақыт ішінде кіл мықтылар арасынан оза шауып күміс жүлдеге ілігуі үлкен нәтиже», - дейді К.Нақышпанов өз сөзінде.