ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Оған Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қызылорда облыстарынан және Бішкектен 5 команда, 2007 жылы туылған жасөспірімдер шеберлік байқасты.
Нәтижесінде Қызылорда облысының командасы Алматы қаласының командасын 8:5 есебімен жеңді. Жерлестеріміз 11 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды 9 ұпаймен Алматы қаласы, үшінші орынды 7 ұпаймен Бішкек қаласының командалары иеленді.
Айта кетейік, Қызылорда облысының командасы жақында ғана Өскеменде өткен ел чемпионатының соңғы айналымында қола жүлдені еншілеген болатын. Команданы жарысқа шайбалы хоккейден облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Әкімжанов пен Абай Сейтқасымов дайындады.