УЕФА-НЫҢ СУПЕРКУБОГЫ ҮШІН БОЛАТЫН МАТЧ ҚАЗАҚСТАНДА ӨТУІ МҮМКІН
УЕФА-ның суперкубогы үшін болатын матч Қазақстанда өтуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып осыдан төрт ай бұрын ғана тағайындалған Аллен Шайжүнісовқа сілтеме жасап.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы халықаралық бағытты екі блокқа бөліп қарастырады. Біріншіден, халықаралық ірі сайыстарды УЕФА-мен қатар, ФИФА-ның желісі бойынша да өткізу жоспарланады. Шайжүнісовтың айтуына қарағанда, оның жаңа қызметке тағайындалғандағы негізгі міндеті УЕФА-ның суперкубогы үшін болатын доданының Қазақстанда өтуіне ықпал ету. "Неге Суперкубок? Бұл ең алдымен еліміздің имиджін көтеруге бағытталған. Үлкен шоу және елімізге инвестиция тарту. Бұл сайып келгенде болашақта футболдың дамуына ықпал етері сөзсіз", - деді ол.
Ал ФИФА желісі негізіндегі ірі турнирлерге жасөспірімдер мен жастар қатысатын әлем чемпионаттары кіреді. Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы мәлім еткеніндей еліміздегі Алматы мен Астанадан басқа аймақтарда да спорттық құрылымдарда бірқатар оң өзгерістер орын ала бастаған. Екіншіден - білім беру бағдарламасы. Астанадағы футбол академиясын УЕФА-ның қаржыландыруымен салу жөніндегі келісім өз мәресіне жетті", - деді ол.
Шайжүнісов мырза УЕФА-ның Суперкубогы үшін болатын матчты Қазақстанда өткізу туралы ақпараттан бөлек, елімізде білім беру гранттары секілді жекелеген бағыттар да дамитынын айтты. "2015 жылдан бастап Астанаға, одан әрі аймақтарға бет алатын боламыз. Қазақстанда ұзақмерзімді сегіз айлық футбол менеджменті курстары өткізілетін болады. Ол жобаға осы сала мамандарымен қатар беделді менеджерлер де шақырылып, отандық футбол менеджерлерін толыққанды курстан өткізетін болады", - деді Шайжүнісов.