ДӘУЛЕТ НИЯЗБЕКОВ – ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы 6-10 мамыр аралығында Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатынан оралды. Біздің тобымызға жалғыз медаль бұйырды. Оны қорытындыда ирандық Бехнам Эхсанпурды жыққан Дәулет Ниязбеков 61 келі салмақта жеңіске жетті.
Шешуші сәттің алдында қызылордалық спортшы пакситандық Хусейн Мудассар, қырғызстандық Әділет Маматаев, моңғолиялық Батболда Номинаны бағындырған болған.
Бүгін біріншілікте қыздар арасында жекпе-жек басталып та кетті. Осы сәтте Қайрат Сағадиевтің қамқорлығындағы спортшыларымызда екі медаль. Татьяна Аманжол мен Айым Әбдильдина қола жүлдені жеңіп алды.