ҚАЗАЛЫЛЫҚ БАТЫРЛАР ҚҰРМЕТІНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс баһадүр» атындағы стадионда футболдан жасөспірімдер арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Қазалылық Кеңес Одағының 5 батырына арналған республикалық турнир қорытындыланды.
Жарыс қорытындысында І орынды Қазалы ауданының құрама командасы жеңіп алды. Ал, ІІ орынды Ақтөбе қаласы құрама командасы жеңсе, ІІІ орынды Арал ауданы құрама командасы жеңді.
Республикалық турнирде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы грамоталар мен кубоктары табыс етілді.
Сонымен қатар, жеңімпаз командаларға аудан әкімінің орынбасары, аудандық футбол федерациясының президенті Сұлтан Махашов және Совет Одағының батыры Үрмаш Түктібаев атындағы жүлдені ұрпақтары Ақниязов Молдабай арнайы бағалы сыйлықтарын табыстады.
Айта кетейік, 5 күнге созылған тартысты 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнирді аудан әкімі Бахыт Жаханов ашып берген болатын.
Турнирге Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан, сондай-ақ, көршілес аудандарынан жасақталған барлығы 8 команда қатысты.