ЕРТЕҢ Т.КӨМЕКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР БАСТАЛАДЫ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаев атындағы самбодан ХХ халықаралық мемориал ұйымдастырушылары брифинг өткізді. Олар: ҚР самбо федерациясының президенті Тимур Қаликеев, Самбо халықаралық федерацияның спорт директоры Дмитрий Максимов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, Т.Көмекбаев атындағы Қор президенті Дүйсенбек Жақсығұлов.
Садық Мұстафаевтың мәлімдеуінше, осымен 20 рет ұйымдастырылып отырған турнир енді халықаралық болып есептелінеді. Турнирге 28 елден спортшылар қатысты. Соның ішінде еліміздің барлық облыстарынан барлық салмақ көрсеткіші бойынша спортшылар тобы келетін болады. Турнир қатысушыларының 50 ҚР спорт шеберлерінің ішінде алтауы халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Біздің спортшыларымызға ең мықты қарсыласы болып отырған екі палуанын жіберген Моңғолия спортшылары, Грузия және дәстүрлі Ресей самбо шеберлері.
Ал Дмитрий Максимовтың хабарлауынша, оның аталары Жаңа Қазалы ауылының тумалары, ал өзі Жамбыл облысы Шу қаласынан шыққан. Оның ойынша, турнир халықаралық деңгейдегі барлық самбошылардың ішінде танымал. Ал Қазақстан самбошылары Азия бойынша ешкім тең келмес көшбасшылар қатарында.
Онан соң федерацияның вице-президенті Т.Қаликенов мемориалдың халықаралық күнтізбеге енгізіліп, өзінің деңгейімен спорт мансабында өзіндік орнын алып үлгергендігін айтты.
Шынар БЕКБАН