ҚАЗАЛЫДА ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, қазалылық Кеңес Одағының 5 батырына арналған 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир басталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкімі Б.Жаханов турнирге қатысушыларды құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі. Турнирге Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан, сондай-ақ, көршілес аудандардан жасақталған барлығы 8 команда арнайы келді.
Ойынды Қазалы спорт клубы мен Байқоңыр қаласының командасы бастап, 4:1 есеппен Қазалы ойыншылары алға шықты. Турнир 7 мамырға дейін жалғаспақ.
Айта кетейік, Ұлы Отан соғысында 600-ден астам қазақстандық, 22 қызылордалық Кеңес Одағының Батыры атанса, оның 5-і Қазалы жерінің тумалары.