ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ КАРАТЭ-ДО ШОТОКАННАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!
Грузияның Тбилиси қаласында каратэ-до шотоканнан өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай жеңісті оралды. Әлемнің 25 елінен 1260 спортшы келген бұл дүбірлі додада Мөлдір 16-17 жас аралығында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, Әлем чемпионы атанды. Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, финалда Грузия елінің спортшысын 7:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, командалық кумитэде жерлесіміз бірінші орынды иеленді. Команда құрамында Мөлдірден басқа маңғыстаулықтар Динара Төрткүлбаева, Рыскүл Жиенбаева және жамбылдық Әйгерім Тұрсынбековалар өнер көрсетті.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде Рүстем Әбжәмиевтен тәлім алатын М.Жаңбырбай үстіміздегі жылғы 20-22 мамыр аралығында Қарағанды қаласында болатын ҚР IV Спартакиадасына қатысады.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде Рүстем Әбжәмиевтен тәлім алатын М.Жаңбырбай үстіміздегі жылғы 20-22 мамыр аралығында Қарағанды қаласында болатын ҚР IV Спартакиадасына қатысады.