ҚЫЗЫЛОРДАДА VI АЛТЫН БЕЛБЕУ АҚТЫҚ САЙЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Қызылорда қаласында «Евразия» спорт кешенінде 25 сәуір күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» ақтық жарысы басталады.
Ауылдық елді мекендерден басталған жарыстың бірінші кезеңі наурызға дейінгі аралықта өткізілді. Аудан, қала орталықтарында сәуір айына дейін өткізілген сайыстың екінші кезеңіне барлығы 7000-нан аса спортшы қатысты. Үшінші кезеңі облыстық ақтық бәсекеге Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда, 256 спортшы сынға түседі.
Дүбірлі дода қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінген. Жарыста «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады. Бұл сыннан іріктеліп шыққан екі палуан 5 шілдеде Астана қаласында болатын «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.
Жарыстың салтанатты ашылуы 25 сәуір күні сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде. Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады. (Лотерея билеті тегін)