ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Қызылорда қаласында үстіміздегі жылдың 16-20 сәуір аралығында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, аймағымызда бірінші мәрте ұйымдастырылған велошабандоздар жарысына Астана қаласы, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарының командалары қатысты.
5 кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер спортшылар анықталды. Нәтижесінде павлодарлық Илья Горбушин алтын медальді иеленіп, оған жеңімпаз жейдесі табысталды. Күміс жүлдегер жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаев атанса, Алматы облысының спортшысы Ерик Сафаров қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Астана қаласының спортшылары еншілесе, екінші орынды – Павлодар облысы, үшінші орынды – Қызылорда облысының спортшылары ие болды.
Енді спортшылар мамыр айында Еуропада болатын халықаралық турнирге қатысады.