ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫЛАР АЛБАНИЯ ЖӘНЕ ИСПАНИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСТЫ
Еуропада өтіп жатқан бокс жарыстардан екі жағымды жаңалық келді. Испанияда Қазақстанның жастар құрама командасы халықаралық жалпыкомандалық есебінде жеңіске жетті. Алтын медалінің иесі болып кызылордалық Сабыржан Әбілов марапатталды. Біздің боксышылар Литва, Ирландиямен Испанияның спортшыларын жеңген. Бас бапкер Ғалымжан Кенжебаевтың мәлімдеуінше, біздің жігіттер үш кездесу өткізіп сенімді жеңіске жетті.
Турнир алты салмақ дәрежесі бойынша өткен. Бірінші орын иелері болып қызылордалық Сабыржан Әбілов, астаналық Садредин Ахмедов және тараздық Әбілхан Аманқұл. Қызылорда облыстық бокс федерациясының вице-президенті Қанат Қизатовтың айтуынша, спортшылардың сәтті көрсеткіші ол еңбекті жаттығу мен бапкерлердің арқасында алынған жетістік.

Осы екі халықаралық турнирде жоғарғы дәрежеледен көрінген Камшыбек және Сабыржан аймақтық бокс федерациясының ақшалай сыйлықтарымен марапатталады.
Албанияның Шкодер қаласында бокстан ересектер арасында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев +91 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді иеленді. Ол жарыс барысында екі кездесу өткізіп, алғашқысында Албания спортшысын 3:0 есебімен ұтса, финалда чехиялық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Қазақстанның намысын қорғаған 5 спортшының барлығы жүлделі оралды. Атап айтсақ, 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалаған қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Албания, үшінші орында – Германия. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Қамшыбекті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев жаттықтырады. Ол енді тамыз айында Тайландтың Бангкок қаласында болатын Азия чемпионатына дайындалады. Көптеген республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, мықты боксшы екенін дәлелдеп жүрген спортшымызға тек сәттілік тілейміз.
Еркін САРСЕНБАЕВ