ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМА ҚАБЫЛДАУ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №9988 бұйрығына сәйкес үстіміздегі жылғы сәуір-қазан айлары аралығы президенттік сынамалар айлығы болып белгіленді.
Аталмыш шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы спорттық ұжымдар арасында өтуде. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, халықтың денсаулығын, дене дайындығының қай деңгейде екендігін анықтау.
Мекеме қызметкерлері 18-23, 24-39, 40-49, 50-59 және 60 жастан жоғары әйелдер мен ерлер арасында 60, 100, 1000, 2000 және 3000 метр қашықтыққа жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, кермеге тартылу, 50 метр жүзу, граната лақтырудан бақылау нормативтерін тапсыруда.
Бұдан кейін президенттік сынама облыстағы жалпы білім беру мектептері, колледж және жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік мекеме, департамент, комитет қызметкерлерінің қатысуымен жалғасады.