ҚР АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ II ЖАЗҒЫ ОЙЫНДАРЫНАН ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 7-10 тамыз аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласында ҚР Ауыл жасөспірімдерінің II жазғы ойындары өтті. Жарысқа еліміздің 14 облысынан 1997-1999 жылдары туылған ұлдар мен қыздар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, волейбол, шағын футбол, еркін күрес, үстел теннисі, таеквондо және Президенттік жазғы көпсайыс сынды спорттың 9 түрі бойынша өзара бақ сынасып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлестерін қосты.
Дүбірлі бәсекеге жалпы саны 1304 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша тоғызқұмалақтан Қызылорда облысының құрама командасы 21 ұпаймен жалпыкомандалықта бірінші орынды иеленді.
Жекелей есепте 16 жас қыздар арасында аралдық Үміт Сақташева жеті турдан 7 ұпаймен жеңімпаз атанса, 1999 жылы туылған қыздар арасында Қызжібек Әбілда 5,5 ұпаймен, 1998 жылы туылған ұлдар арасында Рамазан Айшыққан (екеуі де Жалағаш ауданынан) 5 ұпаймен күміс жүлдені иеленді. Ал Жайдарбек Ораз 3,5 ұпай жинап, командаға өз үлесін қосты.
Волейболдан облыстың ұлдар командасы Алматы облысының командасын 3:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға орналасты. Таеквондодан ұлдар мен қыздар командасы жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен үшінші орынды иеленді. Атап айтсақ, 49 келіде Ұлтай Өміртаева мен 63 келіде Арыстанбек Өмірдің (екеуі де спорт интернат) мерейі үстем болды.
+63 келіде қыздар арасында Ботагөз Исатаева күміс жүлдені иеленсе, 55 келіде Аружан Әбдіқадыр (екеуі де Шиелі ауданы, Көкшоқы елді мекенінен) мен +73 келіде Нұрлыбек Жарқынбек (спорт интернат) қола жүлдені еншіледі.
Еркін күрестен 63 келі салмақ дәрежесінде Рамазан Жуынтаев (Арал ауданы) үздік шықса, 50 келіде Жандос Кәрібай (Жаңақорған ауданы) екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, асық атудан аралдық Қадыржан Сағынаев «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Жарыс қорытындысында Қызылорда облысының құрама командасы 160 ұпаймен бесінші орынды иеленді. Осыдан 4 жыл бұрын команда алтыншы орынды иеленген болатын.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кубок, диплом, медальдары табысталды.