ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МАКСИМ КОЛОМОЕЦ СТЕНД АТУДАН РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ
Алматыда стенд атудан Александр Асанов атындағы мергендер клубының Гран-при республикалық турнирі өтті. Оған Астана, Алматы қалалары, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан 43 спортшылар қатысты. Қызылорда облысының намысын қорғаған Максим Коломоец ерлер арасында траптан жеңімпаз атанып, Қазақстан рекордын жаңартты. Турнир қорытындысында Қазақстан бойынша рекорд жаңартқан Максим темір тұлпарды иеленіп, диплом және медальмен марапатталды. Сондай-ақ, әйелдер арасында траптан Айжан Досмағанбетова күміс жүлдені еншіледі.
Енді Максим үстіміздегі жылдың 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Кипрдың Ларнака қаласында болатын Әлем кубогында бақ сынайтын болады.
Енді Максим үстіміздегі жылдың 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Кипрдың Ларнака қаласында болатын Әлем кубогында бақ сынайтын болады.