И.ИЛЬИН АСТАНАДА ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК АУЫР АТЛЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН НАГРАДАНЫ АЛАДЫ
2014 жылдың үздік ауыр атлеттері атанған Илья Ильин мен Татьяна Каширина әлемнің үздік ауыр атлеттеріне арналған наградаларды Қазақстанда өтетін арнайы рәсімде алады, деп хабарлады ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен. Әлемнің үздік зілтеміршілеріне берілетін Йено Боскович атындағы дәстүрлі жүлдені IWF-ның Қазақстандағы өкілдері табыстайды. Дауыс беру қорытындылары бойынша жеңімпаздар болып Олипиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин мен ресейлік Татьяна Каширина атанды. Бұл екі спортшы 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары болған.
«Жылдың үздік ауыр атлеті» атағының лауреаттарын марапттау рәсімі Астанада 24 сәуірде өтеді. Рәсімге қатысу үшін Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян мен IWF вице-президенті Нику Влад, сондай-ақ "World weightlifting" журналының қызметкерлері келеді. Аталған шара IWF, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және спорттық жекпе-жектер мен күш қолданатын түрлерінің конфедерациясының қолдау көрсетуімен өтеді.
Атап өтейік, Татьяна Каширина бұл награданы қатарынан екінші рет, Илья Ильин болса - үшінші рет алады. Бұған дейін қазақстандық штангашылардың арасында бұл жүлдеге Зүлфия Чиншанло лайық деп танылған.