БАЙҚОҢЫРДА ЖЕҢІЛАТЛЕТИКАЛЫҚ ЭСТАФЕТА МЕН ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
Байқоңырда ғарыш айлағының 60 жылдығына арналған жеңілатлетикалық эстафета мен веложарыс өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Эстафетаға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 126 спортшы, веложарысқа Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 50 велошабандоздар қатысып, үздіктері анықталды. 18 жастан жоғары жеңілатлеттер бақ сынаған эстафета қорытындысында Қызылорда қаласының командасы алғашқы болып жетті. Қармақшы ауданы екінші орынды иеленсе, Қазалы ауданы үшінші орынға табан тіреді.
1997 және одан төмен жастағы спортшылар арасындағы веложарыста қызылордалық Ерсұлтан Алидің мерейі үстем болды. Қос астаналық спортшылар Вадим Пронский күміс жүлдені алса, Дмитрий Маковийге қола жүлде бұйырды.
«Байқоңыр спорт басқармасымен бірлесіп, жыл көлемінде әртүрлі шаралар ұйымдастырамыз. Соның бірі – жеңілатлетикалық эстафета мен веложарыс Байқоңыр ғарыш айлағының 60 жылдығына арналып өткізілді. Қазіргі таңда аудан, қала және облыста күн сайын спорттық жарыстар өтуде» - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, кубок және медальдармен марапатталды.