"ҚАЙСАР" ТҮЗДЕ "АҚТӨБЕНІҢ" ҰПАЙЫН ТАРТЫП АЛДЫ
Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында түзде еліміздің вице-чемпионы «Ақтөбемен» кездескен Қызылорданың «Қайсары» 0:0 есебімен тең түсті. Бұл туралы «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтөбе» — «Қайсар» 0:0
Ескертулер: Сантана 45+1 — Мужиков 61
«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Коробкин, Жулпа, Хайруллин, Неко, Тағыберген, Логвиненко, Сантана, Жалмұқан, Сирино де Оливейра (Шабалин 70)
Резерв: Бекбаев, Лёвин, Дмитренко, Сахибов, Хижниченко, Аймбетов
«Қайсар»: Прядкин, Кляйн, Балтаев, Цой, Розыбакиев, Мулдаров (Скорых 87), Шестаков, Нехтий (Вороговский 90), Мужиков (Молдақараев 64), Струков, Юнузович
Резерв: Сейдахмет, Кейлер, Митошевич, Хунт
Төрешілер: Дузмамбетов (Өскемен), Тасыбаев, Попов (екеуі де — Павлодар)
11 сәуір. Ақтөбе. ОБЖОРМ № 8. 3 000 көрермен.
Әлқисса... Клуб басшылығының ұйымдастыруымен команданы қолдау үшін Қызылордадан Ақтөбеге жүз шақты жанкүйер пойызбен жол тартып, 3000 адамдық стадионда жергілікті жанкүйерлердің дауысын басып тастады. Ал енді ойын туралы.
Фавориттерге қарсы арнайы тактика қолданатын қызылордалықтардың бас бапкері Дмитрий Огай қорғанысқа бес ойыншы шығарды. Ортада Алексей Мулдаров, Мартин Кляйн және Алдан Балтаев ойнаса, Рахымжан Розбакиев пен Данил Цой латеральдардың қызметтерін атқарды. Орта шепте Кирилл Шестаков пен Сергей Струков қорғанысқа тірек, әрі шабуылға дирижер болса, қос қапталда Серікжан Мужиков пен Владислав Нехтий ойқастады. Ал шабуылда Эдин Юнузовичтің бір өзі жүгірді.
«Ақтөбе» ше? Олардың да өз проблемалары бар. Биыл жолдары болмай жүргені анық. «Таразды» жеңгені болмаса, басқа ойындарда көсіле алмай жүр. Өзгесін айтпағанда соңғы екі турда «Ордабасы» және «Астанамен» тең түсті. Дегенмен, әлеуеті бұл екі команданы ғана емес, Ресей Премьер-лигасының көшбасшыларына да жетеді. Өз алаңында «Қайсарды» қалпақпен қайырып алғысы келгендері де рас. Алайда, намысты қолдан бермеген қызылордалықтарда алаң иелерін жазалап жіберетін үш мүмкіндік болды. Өкінішке қарай, тағы да шабуылшыларымызға сәттілік жетіспеді.
Бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Доп көбіне «ақтөбеліктердің» аяғында болғанымен қарымта шабуылдар арқылы «Қайсар» ойыншылары қарсы қақпаны әлсін-әлсін мазалап жатты. Ал екінші таймда Владимир Газаев шәкірттері тізгінді біржола қолдарына алды. «Қайсарға» да сол керек, алаң иелерінің артқы шебі ашық қалғанын байқап, жылдам қарымта шабуылдарға иек артты. Алдымен Жасұлан Молдақараев оң қапталмен атойлап шауып, айып алаңына қарай әуелете пас асырған. Доп бүкіл қорғаушылардан асып түсіп, қараусыз қалған Эдин Юнузовичке жетті. Алайда ашық қақпаның дәл алдында тұрғанына қарамастан хорватиялық легионеріміз допты тура қақпашы Стас Покатиловке бағыттай салды. Ал кері серпілген допты Сергей Струков қақырата тепкен еді, «снаряд» бағанадан сәл қиыс кетті. Одан кейін Струков Жасұлан Молдақараевты әдемі паспен жарылқап, қақпашымен жеке-дара шығарған. Дегенмен, жартылай қорғаушымыз допты алысқа жіберіп алды. Ал ойынның аяқталуына он минуттай қалғанда Мартин Кляйннің баспен шығарған пасы Юнузовичті іздеп тапқанымен шабуылшымыздың тепкен добы қақпадан сәл қиғаш кетті.
Айта кету керек, «Ақтөбеде» де гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болды. Мәселен, жас дарын Дидар Жалмұханның қақырата тепкен добын Кирилл Прядкин қайтарса, Асқат Тағыбергеннің жойқын соққысын Кирилл Шестаков бетпен тосты. Қорытынды есеп – 0:0, «Қайсар» енді келесі ойынын өз жерінде 15 сәуір күні «Таразға» қарсы өткізеді.