«ПЕТРО ҚАЗАҚСТАН КҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АҚ-Ң ЖҮЛДЕСІНЕ БАСКЕТБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Үстіміздегі жылдың 2-7 сәуір аралығында Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» сарайының спортзалында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Кубогы мен жүлделері үшін мектеп оқушылары арасында баскетболдан дәстүрлі XIХ турнир болып өтті.
Суреттерді түсірген Андрей ТАЙГУНОВ.
Турнирдің жүлделерін иеленуге Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан және қаладағы №№ 7,9 орта мектептерінен, Макаренко атындағы мектеп-интернатынан 8 ұлдар және 8 қыз балалар құрамасы болып, барлығы 16 команда өзара сайысқа түсті.
Барлығы білетіндей, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы облыстың әлеуметтік саласының дамуына, қайырымдылық және демеушілік акцияларға белсенді түрде қатысып келеді. Ал, балаларға қамқорлық көрсетуде - көш басында. Атап айтқанда, он жылдан астам уақыт бойы «ПҚҚР» АҚ дәстүрлі түрде өтетін балалар спорттық шараларына үздіксіз демеушілік жасап келеді. Оның ішінде – мүгедек-балалар арасында өткізілген спартакиада, шахматтан қалалық балалар турнирі, мектеп оқушылары арасындағы футболдан облыстық турнирді баса айтуға болады. Бұдан басқа, көпшілікке мәлім, «ПетроҚазақстан» мұнайшыларының қамқорлығында Жаңақорған және Қазалы аудандарындағы балалар мекемелері бар, сонымен қатар, кейбір қалалық балалар медициналық-әлеуметтік мекемелеріне де қажетіне қарай демеушілік қолдау көрсетіп отырады.
-Осыдан он сегіз жыл бұрын мектеп оқушылары арасында турнирі тек қалалық деңгейде өтетін жарыс болатын, уақыт өте келе бұл сайыс халықаралық статусқа ие болды, - дейді жарыстың бас төрешісі, баскетболдан облыс бойынша аға бапкер Олег Ким. – Жыл сайын жарысқа қатысушылардың саны мен географиясы ұлғайып келеді. Бұл дегеніңіз «ПетроҚазақстан» мұнай компаниясының демеушілігімен өтетін турнирдің көкжиегінің кеңейгендігін көрсетеді. Бұл жолы да дүбірлі дода жоғары деңгейде өтті, шымырлар мен тактикасы мықтылар оза шауып, дараланды. Өңірдің балалар-жасөспірімдер баскетболының дамуына сөзбен емес, іспен үлкен қолдау көрсетіп жүретін «ПҚҚР» АҚ-на алғысымыз шексіз.
Тартысты өткен баскетбол сайысының қорытындылары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Қыздар командаларының арасынан бірінші орынды өткен жылдың жеңімпазы - Ақтөбе облысының командасы иеленді. Екінші орынның тұғырына – павлодарлық қыздар көтерілсе, ал үшінші орын өзіміздің жергілікті қыздарға бұйырды.
Ер балалар арасындағы тартыста Қызылорда командасы бірінші орын алып, олжа салды. Ақтөбе облысының құрамасы қанжығаларына екінші орынды басса, Алматы облысының спортшылары үшінші орынды місе тұтты.
Марапаттаудың салтанатты рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер төккен терлеріне лайықты кубоктарын, дипломдары мен бағалы жүлделерін «ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасы Цинь Хунвейдің және облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қаленов Бағдаттың қолынан алды. Еңбегі жанып, бірінші орын алғандарға LED-теледидарлар, екінші орынға ие болғандарға портативті DVD жинақтары, ал жанкүйерлерін жерге қаратпай, үшінші орын алғандарға – сағаттар табыс етілді.
- Балалар - мемлекеттің болашағы. Біздің компания бірінші кезекте балаларға қолдау көрсетуді басты назарда ұстайды. Тіпті әлемдік нарықта мұнай бағасы түсіп тұрған уақытта да «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өз принциптеріне адал болып қала береді: оның дәлелі – бүгінгі баскетбол турнирі, - деді марапаттау рәсімінде «ПҚҚР» АҚ Басқарма төрағасы Цинь Хунвей. – Турнир жеңімпаздарын құттықтаймын, ал жеңімпаздар қатарынан көріне алмағандарға келесі жылғы бәсекеде жеңіске жетулеріне тілектеспін.
«ПҚҚР» АҚ турнирдің жекелеген үздік ойыншыларын, бапкерлерін және төрешілерін де бағалы сыйлықсыз қалдырмады. Номинациялар шебер ойынымен көзге түскен Валерия Соколоваға (Ақтөбе облысы) және Руслан Құдайбергеновке (Қызылорда облысы) тапсырылды. Бапкерлік еңбегі үшін марапатқа Асқар Жылқыбаев (Ақтөбе облысы), Айдын Аязбаев (Алматы облысы), Александр Жавзмагин (Қызылорда облысы), Ирина Бондаренко (Ақтөбе облысы), Ирина Шаврина (Павлодар облысы) және Татьяна Кошакова (Қызылорда облысы) ие болды. Төрешілерден үздіктер болып Олег Ким, Алтынбек Жүсіпов, Алексей Когай, Болат Батырбеков және Диляра Мусаевалар танылды.
Дастан ДЕМЕСБАЙ.Барлығы білетіндей, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы облыстың әлеуметтік саласының дамуына, қайырымдылық және демеушілік акцияларға белсенді түрде қатысып келеді. Ал, балаларға қамқорлық көрсетуде - көш басында. Атап айтқанда, он жылдан астам уақыт бойы «ПҚҚР» АҚ дәстүрлі түрде өтетін балалар спорттық шараларына үздіксіз демеушілік жасап келеді. Оның ішінде – мүгедек-балалар арасында өткізілген спартакиада, шахматтан қалалық балалар турнирі, мектеп оқушылары арасындағы футболдан облыстық турнирді баса айтуға болады. Бұдан басқа, көпшілікке мәлім, «ПетроҚазақстан» мұнайшыларының қамқорлығында Жаңақорған және Қазалы аудандарындағы балалар мекемелері бар, сонымен қатар, кейбір қалалық балалар медициналық-әлеуметтік мекемелеріне де қажетіне қарай демеушілік қолдау көрсетіп отырады.