ГАНДБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 1-ТУРЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖЕҢІЛІССІЗ КЕЛЕДІ
Алматы қаласында гандболдан супер лига әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-туры өтуде. 3-сәуірде басталған жарыс жұма күні мәреге жетіп, чемпион мен жүлдегер командалар анықталады.
Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының командалары қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінде «Сейхун-ҚАМ-ҚМУ» командасы Астана қаласының командасымен кездесіп 25:18 есебімен ұтты.
Екінші күні Алматы қаласының командасымен күш сынасып, 36:23 есебімен қызылордалықтар басым түсті.
Команданы жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Ким дайындады. Келесі тур 10-16 мамыр айында Алматы қаласында болады.