ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Павлодар қаласында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өткен республикалық біріншілігінде Қызылорда облысының құрама командасы көш бастап, облыс қоржынын 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен толтырды.
Нәтижесінде классика және блиц бойынша сырдариялық Ақерке Кенжебекова 14 жас қыздар арасында ел чемпионы атанды. Классикадан 10 жас қыздар арасында Аружан Садықбекова және 12 жас қыздар арасында Жұлдыз Садықбек екінші орынды иеленді.
10 жас ұлдар арасында сырдариялық Аманқос Жантөре мен 14 жас аралығында Асылбек Қаржаубаев қола жүлдеге қол жеткізді.
Блиц бойынша 10 жас қыздар арасында сырдариялық Әсем Дәуренбекқызының мерейі үстем болды. 10 жас қыздар арасында Жұлдыз Мұңайтпасова, 12 жас ұлдар арасында Бексайыр Айтмаханов және сырдариялық Нұрсұлу Маханова 14 жас қыздар арасында үшінші орынды еншіледі.
Тоғызқұмалақшыларды жарысқа Марат Рахметов, Білімжан Елеусінов, Ғалия Қамбарова және Ақторғын Қошқарова дайындады.