БАТЫРЖАН ШАЛҒЫНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
28-29 наурыз күндері Қызылорда қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан облыстық ашық турнир өткізілді.
Биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр қаласы, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 24 команда қатысып, үздіктері анықталды.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда «Атамұра» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:3 болды. Үшінші орынды «Орион» командасы, төртінші орынды «Петро Қазақстан» командалары иеленді.
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Нұрбек Құлымбетов (Азамат), «Үздік қақпашы» - Руслан Сариев (Орион), «Үздік шабуылшы» - Медет Дұзбаев (Петро Қазақстан), «Мерген ойыншы» - Еркебұлан Батпанов (Азамат), «Үздік ойыншы» - Ермек Абдулдаев (Атамұра) марапатталды.