ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСТАРЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Ұлыстың ұлы күнін қызылордалық жастар спорттық жарыстармен қарсы алды, деп хабарлайды BNews.kz.
Түрлі спорт ұйымдары мен клубтарда, ашық алаңдарда осымен екінші күн спорттық сайыстар өтіп жатыр.
Әсіресе көне заманнан бері келе жатқан, еш ұмыт қалмаған арқан тарту ойыны көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Табиғаттың жаңару мерекесінде түрлі жастағы спортшылар қалың жұртшылықтың алдында білек сыбанып, күш сынасты.
Сондай-ақ тоғызқұмалақ, шахмат пен дойбы ойынына да жиналған жасөспірімдер қарасы аз болған жоқ.
Сонымен бірге қаланың орталық алаңында қазақ күресі де ұйымдастырылды