ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТОП ЖАРДЫ
Ақтөбе қаласында қазақ күресінен 2000-2001 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.
Екінші орынды - Павлодар облысы (2 алтын, 1 қола), үшінші орынды Жамбыл облысы (1 алтын, 1 күміс, 2 қола) иеленді. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 131 балуан қатысып, 9 салмақта кімнің мықты екенін анықтады.
Атап айтсақ, 42 келі салмақта жаңақорғандық Мағжан Әбіласан мен 66 келіде сырдариялық Дәулет Хабибуллаев ел чемпионы атанды. 46 келіде қармақшылық Ердәулет Зейноллаев пен 55 келіде шиелілік Ердәулет Темірбаев күміс жүлдені еншіледі. Ал 60 келіде сынға түскен шиелілік Өмірзақ Рахметов үшінші орынға ие болды.
Спортшыларды жарысқа Арман Нұрәлиев, Жасұлан Қауысов, Бақберген Тәтімбетов пен Мейрамбек Тәжбеновтер дайындады.