КАРАТЭ-ДОДАН ТУРНИРДЕ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ 14 ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
Ақтөбе қаласында каратэ-додан өткен халықаралық турнирде жерлестеріміз 14 жүлдемен оралды. Дүбірлі бәсекеге Қазақстан мен Ресейден 300-ге жуық каратэші қатысып, өзара шеберлік байқасты.
Турнир нәтижесінде алтын медальді 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 18 жастан жоғары спортшылар арасында өнер көрсеткен Мөлдір Жаңбырбай мен Нұржан Ақпанбет жеңіп алды. 16-17 жас аралығында Әділет Оралбек, Әділет Төлеу, Қайсар Өмірбек және Дастан Сыздықтар командалық кумитэде бірінші орынды иеленді. Сүйіндік Монтай, Дастан Сыздық, Марта Ким күміс жүлдені еншілесе, 14-15 жас аралығында сынға түскен Ақмарал Бекназар, Дінмұхаммед Мейрам, 16-17 жас аралығында Диана Досқали, Әділет Төлеу, Нұрәділ Кеңесбек, Қайсар Өмірбек, Әділет Оралбек, 18 жастан жоғары спортшылар арасында Қуандық Монтай қола жүлдеге қол жеткізді.
Каратэ-додан облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев, Рүстем Қараев және Нұржан Ақпанбеттен тәлім алатын спортшылар облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі мен №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады.