ЭЛИЗАБЕТ - ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ!
Эстонияның Таллин каласында жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты аяқталды. 30 дан аса мемлекет қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған 15 жастағы жалғыз мәнерлеп сырғанаушы, қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева төртінші орынды иеленіп, келесі жылы болатын жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдама алды.
Ол қысқа бағдарламада 55,95, еркін бағдарламада 117,49 ұпай жинап, қос бағдарлама нәтижесінде 173,44 ұпайды бағындырып, жеке рекордын орнатты.
Айта кетейік, былтыр Элизабет Әлем чемпионатында 11-орынды иеленген болатын.
Бес жасынан бастап, мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын үйреніп, алемдік жарыстарды бағындырып келе жатқан Элизабеттің алар асуы әлі алда.