ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАДАН КЕЙІН ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ЖЕТІНШІ ОРЫНДА
Қазақстандық 15 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Таллинде (Эстония) басталған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып жатыр.
Ол 4 наурызда өткен қысқа бағдарламада 55,95 ұпай алып, әзірге жетінші орында тұр. 2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 45,62 ұпаймен 16-орында болған. Қос бағдарлама қорытындысында 11-орын алған.
Таллиндегі әлемдік сынның негізгі бағдарламасы 6 наурызда өтеді.
Тұрсынбаева 2015 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Оған дейін Аичиде (Жапония) өткен жасөспірімдер арасындағы әлемдік гран-при жарысында қола, қазанда Дрезденде өткен гран-приде күміс медаль алды. Бұдан бөлек спортшы биыл Summer Skate Canada (Торонто), Triglaf Trophy (Словения), Gardena Spring Trophy (Италия) және New Years Trophy (Словакия) жарыстарында алтын жүлде алған.
Таллиндегі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 8 наурызда аяқталады.