ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВ – БОЛГАРИЯДАҒЫ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ
Көктемнің алғашқы күні 1 наурызда Болгария астанасы София қаласынан қуанышты хабар келді. Онда қазақстандық былғары қолғап шеберлері, оның ішінде қызылордалық үздік спортшылар қатысқан бокстан халықаралық «Странджа» турнирі өтті.
Финалға қазақстандық екі спортшы шықты, біреуі алматылық – 56 келі салмақта шыққан Жамболат Тілегенұлы, екіншісі қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары). Айтпақшы екі спортшымыз да финалда Өзбекстан спортшыларымен күш сынасқан. Жамболат Тілегенұлы шешуші жекпе-жекте қарсыласынан жеңіліп, «күміс» жүлдені алса, ол үшін есесін қайтарып, қызылордалық Қоңқабаев екінші өзбекстандық спортшымен жекпе-жекте қарсыласын бірінші раундта – ақ сұлатып түсірді. Осылайша, Қамшыбек турнир жеңімпазы болды.
Қола жүлдесін Жақсылық Ильясов (60 кг), Рустам Сваев (75 кг), бұл спортшы да айта кету керек қызылордалық және Нұрбол Алтаев (81 кг).
Жалпы есеппен қазақстандықтар 5 жүлдемен қайтты – бір алтын және күміс, үш қола.
Айта кету керек, аталмыш турнир дәстүрлі түрде өткізіліп келеді және бұл 65 рет өткізіліп отырған турнир. Онда Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Бразилиядан, Қытайдан, Эквадордан және басқа мемлекеттердің спортшылары бақтарын сынады. Жекпе-жек Софиядағы «Арена Армеец» спорт кешенінде өтті.
Шынар БЕКБАН