«БАЙҚОҢЫР» ФУТБОЛ КЛУБЫНА ЖАҢА БАС БАПКЕР КЕЛДІ
Бұған дейін «Байқоңыр» футбол клубының бапкері денсаулығына байланысты қызметінен кету жайлы арыз жазған Құттыбай Досмамбетовтың орнына бас бапкерлік қызметке Ерлан Шойтымов келді.
Жаңа бапкердің бастауымен кеше «Байқоңыр» футболшылары оқу-жаттығу жиынына аттанып та кетті. Шымкенттің БИІК футбол базасында екі апта жаттығатын команда осы аралықта төрт жолдастық бақылау кездесуін өткізуді жоспарлауда. Алғашқы қарсыласы да анықталып қойған. Жерлестеріміз ертең, яғни 25 ақпан күні Павлодар «Ертісінің» дубльдік командасына қарсы алаңға шығады. Жалпы, құрамада 25 ойыншы бар. Бәрі де Қызылорданың жергілікті азаматтары.
Естеріңізге сала кетейік, Құттыбай Досмамбетов «Байқоңыр» футбол клубының тізгінін 2014 жылдың басында ұстап, команданы Қазақстан Бірінші лигасына шығарған. Ал Ерлан Шойтымов өз кезегінде өткен маусымда «Қайсар» футбол орталығында 2000 жылғы жеткіншектерді жаттықтырып, командасын Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңіне дейін жеткізген. Ойыншы ретінде 2005 жылы «Ақтөбе» сапында ел чемпионы атанған.