«ҚАЙСАР» ӨЗБЕКСТАННЫҢ «ҚЫЗЫЛҚҰМ» КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше Қызылорданың «Қайсары» төртінші оқу-жаттығу жиынындағы үшінші жолдастық кездесуін өткізді. Дмитрий Огай шәкірттеріне бұл жолы Өзбекстанның «Қызылқұм» командасы қарсылас атанды.
«Википедияға» сенсек, «Қайсардан» бір ғана жасқа үлкен Зарафшанның командасы 1967 жылы құрылған екен. Өзбекстанның Жоғарғы дивизионына 2000 жылдан бастап қатысып келеді. 2002 жылы ел чемпионатының қола жүлдегері атанған. Ал өткен маусымды 11-орынмен аяқтапты.
Бастапқы жоспарда болмаған кездесу толығымен Дмитрий Огай шәкірттерінің бақылауымен өтті. Бірақ гол соғатын көптеген мүмкіндіктері болғанымен жерлестеріміз тек бір ғана тура соққымен шектелді. Гол авторы – Елжас Алтынбеков.
Енді «Қайсар» соңғы жолдастық кездесуін 25 ақпан күні Туланың «Арсеналына» қарсы өткізеді.