Сырбойылық спортшы қыздар олжалы оралды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ресейдің Қазан қаласында белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен Әлем чемпионатында қызылордалықтар жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, сырбойылық Диана Ғайбулла (52 келі) күміс жүлдені қанжығаға байласа, Арайлым Қанзада (58 келі) мен Меруерт Абубакир (+76 келі) қола жүлдеге ие болды.
Талантты спортшылар №8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Жаттықтырушылары – Аслан Нұрқожаев пен Əбдусаттар Садықов.