«ҚАЙСАР» АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ
Қарсылас қақпасына гол соғатын орасан шабуылдар ұйымдастырғанымен жерлестеріміз соның біреуін ғана голға айналдырып, Украинаның «Черноморец» командасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
«Қайсар» – «Черноморец» (Украина) 1:3
Голдар: Владислав Нехтий, 63 – Диденко, 7-пенальти. Мартыненко, 45. Васин, 58.
Бірінші минутта-ақ есепте алға шығатын мүмкіндігіміз болған. Бірақ қақпашымен жеке-дара шыққан Елжас Алтынбеков айласын асыра алмады. Артынша эстониялық легионер Римо Хунт та мүмкіндігін мүлт жіберіп алды. Дегенмен, украиналықтар да қарап қалмады. Қарымта шабуыл ұйымдастырып, қақпамызға қарай қапталдан доп асырып еді, «снаряд» Рахымжан Розыбакиевтің қолына тиіп кетіп, төреші көп ойланбастан қолын нүктеге созды – 0:1. Осылайша таразы басын теңестіреміз деп жүргенде қақпамызда тағы бір доп тулап жатты. Үзіліске санаулы секундтар қалғанда бұрыштамадан асырылған допты қақпамызға Мартыненко соқты.
Екінші тайм түбегейлі қызылордалықтардың шабуылымен өткеніне қарамастан «Черноморец» тағы да гол соғып кетті. Бұл жолы қарымта шабуылдың нәтижесінде Ал араға бес минут салып, «Қайсар» ойыншылары ақыры өз голдарын соқты. Жас жартылай қорғаушы Данилл Цойдың әдемі пасын тиімді пайдаланып, қақпаға қақырата соққан Владислав Нехтий болатын. Қорытынды есеп – 1:3.
Енді Дмитрий Огай шәкірттері өздерінің келесі жолдастық кездесулерін Краснодардың «Кубань» командасына қарсы 21 ақпан күні өткізеді.