ШИЕЛІЛІК СПОРТШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТЕТІН ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Жуырда Түркістан қаласында өткізілген таеквандодан ҚР чемпионатында шиелілік спортшылар жүлдемен оралды. Еліміздің барлық аймақтарынан 500-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жастар намысты қолдан бермей, 2 алтын, 3 күміс медельдарді қоржынға салды. Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үстіміздегі жылғы сәуір айында Қытайдың Тайпей қаласында өткізілетін Азия Чемпионатына екі спортшымыз жолдама алған.
Айта кетейік, соңғы жылдарда спорт әлемінің төрінде өзіндік орны бар таеквондо өнері Шиелі ауданында қарқын алып келеді. Ауданда 2005 жылдан бері таеквондо секциясы жұмыс жасап, еліміздің көк байрағын көтеретін көптеген жастарды шыңдап шығарды. Шығыс жекпе-жегіне деген ерекше ынтаның арқасында бүгінде 50-ге жуық жастар бірқатар республикалық, халықаралық турнирлерден жүлделі оралуда.
Шынар БЕКБАН