ВАСИЛИЙ ЖИРОВ ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИНГЕ АҚЫЛЫН АЙТТЫ
Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, IBF тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Василий Жиров Геннадий Головкинге ауыр салмақта сәттіліктерге жету үшін жылдамдық пен соққыны сақтауға кеңес берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Порталдың мәліметінше, Василий Жиров WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ауыр салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін екенін айтты.
"Сен басқа салмақ дәрежесіне өтер кезде өзгерістерге дайын болуың керек. Мен жұдырықтасқан кезде тәсілдерімді жекпе-жектің раундына қарай өзгерте алатынмын. Бірде шабуыл жасап, бірде қорғанып. Шегініп, еңкейіп жұмыс істедім, мұны кәсіпқой боксшы білуі тиіс. Ал Головкин ауыр салмаққа өтіп жатса нені ескеруі тиіс дейтін болсақ, менің ойымша ол бапкерлер штабымен бірлесіп жұмыс жоспарын құрастырып қойды. Бірақ өз тарапымнан жылдамдықты жоғалтпай, соққы екпінін сақтауға кеңес берер едім. Бұл екі сипаттама Геннадийдің сәттілігін айқындап беруі мүмкін", - деді Жиров.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен ағылшын боксшысы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек Монакода 22 ақпанға қараған түні өтеді. Оны әлем бойынша HBO телеарнасы, Қазақстан бойынша "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 04.45-те басталады.
Екі боксшы үшін де бұл жекпе-жек кәсіби алаңдағы 32-кездесу болады. Головкин бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен. Оның ішінде, 28 жекпе-жектің 18-ін қатарынан мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Мюррей өз кездесулерінде 29 рет жеңіп, бір рет жеңілген, бір рет тең түсті.