СЫР СПОРТШЫЛАРЫ ТАЕКВОНДОДАН ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 16 ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ!
Түркістан қаласында өткен таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатында қызылордалық спортшылар 16 жүлдені иеленіп, жеңіспен оралды. Республикамыздың барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеде 2001-2003 жылдары туылған жасөспірімдер намысты қолдан бермей 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медальдарды қоржынға толтырды.
Атап атсақ, Гүлбала Абызбаева (41 келі), Ботагөз Қапанова (44 келі, екеуі де Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы), Айым Тоғыман (51 келі, спорт-интернат), Айнара Жеткергенова (59 келі, Сырдария ауданы) және Жібек Көпен (+59 келі, №2ОМБЖОРМ) ел чемпиондары атанды.
41 келі салмақта көкшоқылықтар Зарина Нұрғазиева, 47 келіде Наталья Пак, 61 келіде Досжан Жахмуров және 55 келіде Сымбат Мұхамедқали (спорт-интернат) күміс жүлдеге ие болды.
29 келіде өнер көрсеткен Жансая Жолдасова мен Назым Сыланова (екеуі де спорт-интернат), 33 келіде Мейіржан Жақсылық, 47 келіде Шамшат Ақберген (екеуі де №2ОМБЖОРМ), 61 келіде Іскендір Совет (№1ОМБЖОРМ), 57 келіде Самат Болатбаев (Байқоңыр қ.), 65 келіде Ақдәулет Қожахмет (Қазалы спорт клубы) чемпионаттың қола жүлдесін еншіледі.
Айта кетейік, былтырғы өткен чемпионатта облыс спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальдарды олжалаған болатын. Бұл облыста таеквондо спортының жыл сайын қарқынды дамып келе жатқандығын айғақтайды.
Аталмыш жарыста бірінші орынды иеленген спортшылар үстіміздегі жылдың сәуір айында Қытайдың Тайпей қаласында болатын Азия чемпионатына қатысады.