ЗАРИНА ДИЯС WTA РЕЙТИНГІНДЕ ЯРОСЛАВА ШВЕДОВАНЫ БАСЫП ОЗДЫ
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA рейтингінде Ярослава Шведованы басып озып, өзінің спорттық мансабында алғаш рет Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.
Вашингтонда өткен турнирдің нәтижесінде З.Дияс аталған рейтингтегі 53-ші орнын сақтап қалды. Оның қоржынында 1019 ұпай бар. Ал 1017 ұпайы бар Я.Шведова 2 саты төмен түсіп, 54-ші орынға тұрақтады.
Бұл рейтингте Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева 164-ші, Сесиль Каратанчева 173-ші орында тұр. Айта кетерлігі, рейтингте америкалық Серена Уильямс көш бастап келеді. Ал екінші орында қытайлық Ли На болса, үздік үштікке румыниялық Симона Халеп та енген.