Қызылордада 1500-ге жуық адам қатысқан жүгіру марафоны өтті (видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада қала күні аясында жүлде қоры 500 000 теңгені құрайтын марафон өтті.

Желаяқтар жарысында қала тұрғындарынан бөлек, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының әуесқой спортшылары арнайы келіп, спорттық шарада өз бақтарын сынады.
Межелеген қашықтықты бағындыруда 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар және 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер арасында 4 топта жарысты. Жарыс Сұлу Сырдың символына айналған "Сыр-Ана" монументінен бастау алып, "Евразия" мәдени спорт кешенінен аяқталды.
Салауатты өмірді ұстанған марафон жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова жеңістерімен құттықтап, диплом мен қаржылай сыйақы табыстады.

