Қазалылық полицей республикалық спартакиададан жүлдемен оралды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Павлодар қаласында ҚР ІІМ VIII Спартакиада және «Динамо» ФСО бағдарламасында жауынгерлік қарудан жарыс өтті. Үш күнге созылған сайыста 17 аумақтық Полиция департаменттерінің және Көліктегі Полиция департаментінің өкілдері, сонымен қатар ҚР ІІМ, ҚР ҰҚБ, ҚР ҰҚБ Шекара қызметі, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының өкілдері қатысты.
Әйелдер арасындағы жеке біріншілікте жауынгерлік қарудан ату бойынша Қазалы ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Айнұр Тен ІІІ орынды иеленді. Бұл сайыста мерген Айнұр жоғары деңгейде өз шеберлігін көрсетіп, қоғамдық тыныштық пен халықтың қауіпсіздігінің күзетінде тұратын полиция қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығы талапқа сай екендігін дәлелдеп берді.
Марапаттау рәсімінде оған диплом мен сыйлық табыс етілді.